jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда лифт есігіне түкірген ер адам ұсталды

26 қараша 2021, 12:02

Елордада «Медина» тұрғын үй кешенінің лифтінде ерсі әрекет жасаған тұрғын ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында лифт есігіне түкірген ер адам анықталған. Оны Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Ол 22 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.

«Ақан сері көшесіндегі «Медина» тұрғын үй кешенінде бір топ жігіт лифтке кіріп, біреуі есікке түкіре бастаған. Қоғамдық орынды ластап, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамға қатысты ҚР ҚК-ның 434-бабын 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік іс қозғалды», — делінген хабарламада.

Ұсақ бұзақылық бабы бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Материалдар шешім қабылдау үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.

«Сонымен қатар, қоғамдық орынға масаң күйде шыққаны үшін ҚР ҚК-ның 440-бабы бойынша хаттама жасалып, айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзғаны және ортақ мүлікке зиян келтіргені үшін жауапкершілік барын ескертеді», — деді полиция өкілі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде