jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда ЛГБТ митингі өтпейтін болды

28 тамыз 2019, 15:21

Нұр-Сұлтан әкімі гейлер мен лесбилер митингіне рұқсат бермеді

Нұр-Сұлтан әкімдігі ЛГБТ-қауымдастығының мүддесі үшін митинг өткізуге берілген өтінішті қанағаттандырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астаналық белсенді Айдар Елкеевтің «Қазақстандағы ЛГБТ-қауымдастығының құқығын, заңды мүдделерін қорғау» мақсатында митинг өткізуге берген өтінішіне рұқсат берілмеді.

— «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңының 3-бабы қоғамдық орындарда акция өткізуге өтініштер мазмұнына нақты талаптарды анықтайды. Атап айтқанда, жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация туралы өтініш жазбаша түрде өткізілетін күніне дейін 10 күн бұрын беріледі. Өтініште іс-шараның мақсаты, нысаны, орны мен күні, оның басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжалды саны, уәкілетті (ұйымдастырушылар) және қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұрғылықты жері және жұмыс (оқу) көрсетіледі. Өтініш беру мерзімі жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап есептеледі. Жоғарыда айтылғандардың негізінде митинг өткізуге рұқсат беру туралы жазбаша өтініш қанағаттандырылмайды, өйткені мәлімдеменің мазмұны нормативтік-құқықтық актілерде көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді, — деп түсіндірді елорда әкімінің баспасөз қызметі.
Әкімдік жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастырудың және өткізудің белгіленген тәртібін бұзғандар ҚР заңнамасына сәйкес жауапқа тартылатынын еске салды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде