
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Британский квартал» ТК ауданында автокран аударылып, жеңіл автокөлікті зақымдады.
Куәгерлер оқиға болған жерден видео түсіріп алған. Кадрларда XCMG автокраны аударылып жатқанын көруге болады. Жанында қанаты мыжылған автокөлік тұр. Құлаған кранның бір бөлігі жолды зақымдаған. Техника айналасында жұмысшылар каскада тұр.
Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер болған оқиғаның мән-жайын анықтап, кейінірек ақпарат беруге уәде берді.
Tengrinews.kz