jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар 6 жылға сотталды

09 қыркүйек 2022, 12:34

Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотының Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы, 214-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотталған С. және Б.-ға қатысты 2022 жылғы 5 шілдедегі үкімін өзгеріссіз қалдырды. Оларға 7 жыл мерзімге коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 және 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сотталғандар қаржы пирамидаларын құрып, жылжымалы/жылжымайтын мүлікті сатып алу бағдарламасымен 249 салымшыны тартып, сондай-ақ «Cell-келісімшарт» пен Profitbox бағдарламасы бойынша 1,6 млрд теңгені заңсыз иеленген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр