jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда карантин кезінде жұмыс істеген белгілі кальян орталығы анықталды

10 шiлде 2020, 12:07

Елордада 56 ойын-сауық орнына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды. Тәртіп бұзушыларға салынатын айыппұл көлемі өте жоғары, — деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Полиция, еріктілер мен әкімдік қызметкерлері елорданың ойын-сауық орындарына рейд жүргізді. Жақында ереже бұзушылықтар қаладағы танымал орындардың бірі – «Мята» кальянында анықталды.

Кальянға келушілер әкімшімен алдын ала келісіп, үстелге тапсырыс берген. Бұзушылықты анықтау үшін дәл осындай тәсілді әкімдік қызметкерлері де қолданды. Мұнда пандемия кезінде барлық санитарлық нормалар бұзылған. Мысалы, үш адам бір кальян шегеді.

«Бұл факті бойынша біз бұдан әрі сот ісін жүргізуге деректерді СЭС-ке жібереміз. Ары қарай Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес шешім қабылданады», – дейді учаскелік инспектор Әли Әбілтаев.

Кальян орталығына карантин режимін бұзғаны үшін 230 АЕК (638 940 теңге), кальян дайындаушы мен келушілерге 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады. Бүгінгі таңда ойын-сауық мекемелерінің карантин режимін бұзуының 56 фактісі анықталды.

«Осылайша вирус таралуы мүмкін. Содан кейін олар жақындарына жұқтырады, ал індет күшейеді. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін біз барлық карантин ережелерін сақтауымыз керек. Әр адам өзіне және отбасына жауапты. Осылайша, 2-3 апта үйде болу, «үй–жұмыс–үй» схемасы бойынша жүру дұрыс шешім болады», – дейді қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Дәулет Кәрібек.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің бұйрығына сәйкес карантин кезеңінде кальян жұмысына қатаң тыйым салынады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде