jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда халықаралық іздеуде болған ер адам ұсталды

29 мамыр 2021, 12:20

Нұр-Сұлтан полициясы халықаралық іздеуде болған күдіктіні ұстады. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Ұсталған адам 2017 жылдың желтоқсанында жарақаттармен қалалық ауруханаға түскен елорданың 31 жастағы тұрғынын өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр.

«Қылмыс түнгі клубтағы төбелес кезінде жасалғаны анықталды. Күдікті ойын-сауық мекемесінде сағат 05.30-да жәбірленушіге пышақ сұғып алған, кейін қашып кеткен. Осы уақыттан бері ол Ресейде және Қазақстанның шалғай аймақтарында заңсыз жасырынып жүрді.

Күдікті Нұр-Сұлтанға келе салып ұсталды. Оны ұстау операциясы Қабанбай батыр көшесіндегі жалдамалы пәтерде өтті», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта бұрын сотталған 41 жастағы күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді