jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда «Ғылым – ғажайып әлем» интерактивті көрмесі ашылды

13 сәуiр 2022, 13:04

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен Балалар жылы аясында оқушылар, студенттер және білім беру саласының қызметкерлері үшін «Ғылым – ғажайып әлем» атты интерактивті көрме өз жұмысын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Көрменің негізгі идеясы – ғылым саласындағы жетістіктерді дәріптеу және білім алушылардың танымдық көкжиегін кеңейту, сондай-ақ қатысушылардың зияткерлік деңгейін арттыру.

Интерактивті көрменің келушілеріне қарапайым тілде адамзат баласының өмірін жақсартуға, жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік беретін ғылымның жетістіктері туралы айтылды.

«Ғылым – ғажайып әлем» көрмесі ғылым күніне арналған. Мұнда түрлі ғылыми бағыттар бойынша 10 алаң жұмыс істейді. Елордалық оқушылар ойлап шығарған туындыларын жұртшылыққа көрсетуде. Негізгі мақсатымыз – білімге құмар балалар мен ересектерді озық идеялармен, сондай-ақ ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстыру», — деп хабарлады «Астана дарыны» директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Интерактивті көрме бағдарламасы түрлі форматтағы іс-шараларды қамтиды және 7 аймақтан тұрады:

* табысты көшбасшылардың баяндамалары;
* зияткерлік ойындар;
* ойын-сауық аймақтары – 3D, ІТ аймақ;
* ТЕDх форматта сөз сөйлеуге арналған алаң;
* ғылыми жобалардың тұсаукесерлері және тағы басқалар.

Жиын қонақтары мұндай іс-шаралар өздерін көрсетуге, эрудицияны, тапқырлықты танытуға және қолжетімді түрде жаңа ғылыми білім алуға көмектесетінін атап өтті.

Ұсынылған жұмыстардың ішінен жұртшылық №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Александр Ракутиннің туындысын жоғары бағалады.

«Мен толығымен автоматтандырылған және санитайзер, өткізу пункті және термометр ретінде бір уақытта жұмыс істей алатын роботты жасап шығардым. Мұны коронавирус пандемиясы басталған уақытта жасадым. Жасап шығарған құрылғым – маскасыз адамдарды тани алатын және келушілердің қолына антисептикті мөлшерлейтін нейрондық желі. Бұл тест нұсқасы 12-15 мың теңге тұрады, бірақ арзандатылып, ықшамдалса, бағасы шамамен 9-10 мың теңге болады», — деді жас өнертапқыш.

Өнертапқыштар мен көрмеге келушілер қазіргі қоғамда ғылым адамдардың көптеген салаларында маңызды рөл атқаратынын, өмірді әлдеқайда жеңіл әрі ыңғайлы ететінін бірауыздан атап өтті. Сондықтан ғылымды дамыту және дәріптеу адам өмірінің барлық саласын жаңартудың маңызды факторы болып саналады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде