jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда есірткі “қойып кетуші” ұсталды

03 қараша 2021, 15:30

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы есірткі “қойып кетуші” ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында азаматтардың қырағылығының арқасында тұрғын үй кешенінің баспалдақ алаңына есірткі жасырып жүрген 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. “102” пультіне “Highvill” ТК қауіпсіздік қызметінен шақырту түсті. 20-қабаттағы бейнебақылау камерасын қарау барысында баспалдақтың есігінің астына белгісіз затты салған күдікті жас жігітті байқады. Патрульдік-күзет қызметінің наряды келгеннен кейін полиция қызметкерлері куәгерлердің қатысуымен синтетикалық есірткісі бар изолентамен оралған түйіншекті тәркіледі. Ұсталған азаматтың түсіндіруінше, жылдың басынан бері мессенджер арқылы синтетикалық есірткіні сатып алып, қолданып келеді. Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ішкі істер министрлігі азаматтарды бей-жай қалмауға шақырады. Егер сіз есірткіні пайдалану, тарату немесе өндіру фактілеріне тап болсаңыз, жақын маңдағы полиция бөлімшесіне немесе “102” телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр