jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда есірткі дилерін ұстады (видео)

28 қазан 2020, 12:39

Нұр-Сұлтанда есірткі сатқан Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. 

Бұл туралы Tengrinews.kz Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.   «27 қазанда Нұр-Сұлтан полиция департаментінің қызметкерлері арнайы операция кезінде есірткі тасымалдаған Lada Granta көлігінің жүргізушісін ұстады. Тінту кезінде көлік ішінен наша салынған полиэтилен пакет табылды», — деп мәлімдеді полициядағылар.
Бұдан басқа көлік жүргізушісінің орындығының астынан оқ-дәрісі бар тіркелмеген травматикалық тапанша және есірткі салынған 11 орам тәркіленген.

Ұсталған 30 жастағы ер адам Жамбыл облысының тұрғыны және бұған дейін шабуыл жасағаны үшін сотталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия