jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда ер адам жасөспірімді соққыға жықты (видео)

07 тамыз 2019, 10:57

Нұр-Сұлтанда ер адамның жасөспірімді ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Бұл туралы Алина Канасо есімді қолданушы Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жазған. Оқиғаның Күйші Дина көшесі, №37 үйдің ауласында болғаны айтылады. «Үйдің алдында төрт жасөспірім отырған, олар ешкімге тиіспеген де, сөйлемеген де. Құрбымның айтуынша, олар бұл аулаға жиі келіп тұрады. Қатты шуламайды, ішпейді, арттарынан қоқыстарын қалдырып кетпейді. Сол күні олар (балаларды ұрып-соққан ) ер адамның бақшасын қиратқан отбасы тұратын үйдің маңында отырған еді. Ер адам сол үйдің баласы деп, біреуін ұрып-соққан болар. Шынымды айтсам, видеоны қарауға қорқамын. Бір сәтте баланың омыртқасы сына ма деп ойладым, — деп жазған Алина Канасо. Айтуынша, ер адам мен жасөспірімдер арасында ешқандай әңгіме, дау болмаған.

Елордалық полиция департаментінің өкілдері бұл жағдайға қатысты тексерістің басталғанын хабарлады. «Видеодағы адамдардың бірінің аты-жөні белгілі болды, қалғандары анықталып жатыр. Тексеріс қорытындысы бойынша төбелеске қатысқандардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады», — деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіндегілер.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда