jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда ер адам саябаққа жүгіруге шыққан 17 жастағы қызды тонап кетті

27 шiлде 2021, 13:15

Нұр-Сұлтанда ер адам кәмілетке толмаған қызды таңертең Триатлон-паркінде тонап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордалық полиция баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқиға 25 шілдеде болған. Таңертеңгі сағат 5.30 шамасында 17 жастағы қыз посттағы қызметкерге шағым түсірген. Ол жүгіру кезінде белгісіз адам оған шабуыл жасап, iPhone 8+ маркалы телефонын, сөмкесін ұрлап, қашып кеткенін айтқан.

«Күдіктінің басты белгілері анықталды. Бағдар бойынша барлық аудан полиция жасақтарымен қаралды. Қылмыскерді полиция қонақүйдің жанындағы тұрақта қашуға талпынғанына қарамастан ұстады. Ол Ақмола облысының 42 жастағы тұрғыны болып шықты. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді полиция департаментіндегілер.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр, ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия