jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті (Видео)

21 шiлде 2021, 15:12

Нұр-Сұлтанда ер адам ойыншық тапаншамен ломбард тонап кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 шілдеде «102» пультіне кассирден белгісіз біреу тапаншамен қорқытып, ломбардты тонап кеткені туралы хабар түскен. Ер адам 200 мың теңге алып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

«Жәбірленушінің сөзінше, сағат 12.00-де медициналық маска таққан ер адам терезеге жақындап, тапаншасын көрсеткен. Кейін целлофан пакет беріп, «тезірек ақша, алтын, не бар бәрін сал! Әйтпесе өлтіремін!» деп ақырын ғана айтқан. Осы сөздерден кейін қыз ақшаны монеталармен қоса жинап, пакетті қарақшының қолына берген», — дейді полицейлер.

Оқиға орнына жедел полиция жасағы барып, күдіктінің белгілері анықталды. Полиция жасақтары бағдар бойынша барлық ауданды тексеріп шықты.

Осылайша жедел басқару орталығының операторлары бейнекамераларды қарап, күдіктіге ұқсас ер адамды байқады. Видеокадрлардан оның жылдам жүріп бара жатып, белгісіз затты лақтырып жібергенін көруге болады. Кейін өтіп бара жатқан тағы бір адам бұл затты алады, бірақ тапанша ойыншық болып шығады.

Полицейлер қылмыскерді сауда үйінің тұрағында ұстады. Ол қала маңындағы ауылдың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін мойындап, ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия