
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептері мен колледж студенттері үшін сабақ болмайды. Бұл туралы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Тengrinews.kz хабарлады.
«2020 жылы 20 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сыныптары оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды», — делінген хабарламада. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан әуежайында 32 рейс кейінгі шегерілді. Республиканың көптеген аймақтарында қатты боран соғып жатыр. Кешеден бері тасжолдар жабылып жатыр.