jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда даму орталығында 10 бала уланды

18 қыркүйек 2019, 16:52

Нұр-Сұлтанда жеке даму орталығында он шақты бала уланып, ауруханаға түсті. Елордалық әкімдік ұйымға тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Ата-аналар балалардың жаппай уланғаны туралы шағымданған. Олардың айтуынша, ауруханаға ішек инфекциясымен 10 бала түскен. «Біз қазір бұйрық шығардық, комиссия бар, тексеру жүріп жатыр. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдерін де осы іске тарттық. Соның нәтижесінде шара қолданатын боламыз. Жеке мектепке дейінгі ұйымдар жекелей Кәсіпкерлік кодексіне сай жұмыс істейді. Егер біз нақты бірдемені табатын болсақ, ары қарай шешім шығаратын боламыз. Шамамен 8-10 баланың уланғаны туралы айтып отырмыз», — деді қалалық білім беру басқармасының басшысы Әниар Жанғозин. Ата-аналар орталықтың әкімшілігін кәріз суының ауыз суға қосылғанын айтады, алайда Жанғозин әзірге мұндай айыптауларға әлі ерте екенін ескертті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде