jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда бір топ жігіт көлік ұрламақ болды (видео)

12 наурыз 2021, 12:42

Бір топ қылмыскер бір түн ішінде алты көлік ұрламақ болған. Оның біреуін ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«Елорда тұрғыны полицияға белгісіз біреулер көлігінің салонына кіріп, жеке заттарын ұрлап кеткенін айтты. Тергеу барысында анықталғандай, алкогольді сусын ішкен достар қылмыс жасауға келіскен. Түн ортасында олар Оңтүстік-Шығыс аумақта көлік ұрламақ болған. Қылмыскерлердің назарын «ВАЗ», «Лада» және басқа маркалы автокөліктер аударған. Күдіктілер бір емес, алты көлік ұрламақ болған, алайда бұл әрекетінен ештеңе шықпады» делінген полиция департаментінің хабарламасында. Бір көлікті бұзып кірген 23 жастағы жігіт көлік руліне отырған. Келесі көшеге жеткенде көліктің аккумуляторы отырып қалады. Басқа көлік тапқан қаскөйлер оның аккумуляторын шешіп, орнатады, алайда машинаны оталдыра алмайды.

https://youtu.be/WayUVSFCWVE

Сол кезде олар ресейлік нөмірі бар көлікті көріп, оны айдап кетпек болады, бірақ бұл әрекеті де сәтсіз болған. Күдіктілер отты сымдарды жалғау арқылы машинаны іске қоспақ болған. Күдіктілер кілті салонда қалып қалған Гольфты айдап қашып кеткен. Алайда қала орталығына жеткенде көлік тоқтап қалып, оны итеруге мәжбүр болған. Олар жақын жерде тұрған Mercedes жүргізушісінен көмек сұрап, оталдырмақ болған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия