
Нұр-Сұлтанда бір күнде екі рет өз-өзіне қол жұмсамақ болған жас жігітті полицейлер құтқарып қалды.
Жедел басқару орталығына 14:20-да жас жігіттің Алаш тас жолы бойындағы көпір үстінен секіруге ұмтылғаны туралы хабарлама түсті. Куәгердің айтуынша, көпірден секірмек болған жігітті оны қасынан өтіп бара жатқан адам құтқарып қалған.
Оқиға орнына келген патрульдік полиция экипажының қызметкері Данабек Сағындық пен Нұрбол Нұржігітов көпір қоршауының жиегінде төмен қарай секіргелі тұрған жігітті көрген.
Видеода әңгімеге тартқандай кейіп танытып жақындаған полицейлер санаулы секунт ішінде, жігітті ұстап, қауіпсіз жерге алып шықты.
https://youtu.be/A7b-cUIlxoI
Polisia.kz