
Нұр-Сұлтан қаласында биліктің рұқсатымен бейбіт митинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.
митингЖиналған халық Нұр-Сұлтан қаласындағы Пушкин және Шәкәрім Құдайбердіұлы көшелерінің қиылысындағы саябаққа жиналды.
Олардың жанында дәрігерлер мен полиция қызметкерлері кезекшілік етеді. Санкцияланған митингке қатысушылар түрлі мәселелерді атап өтуде: көп балалы аналар мәселелер, АЭС құрылысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және т.б.
Трибунаға шығып сөйлеуге әр адамға 4 минут беріледі. Бұған дейін хабарланғандай, бейбіт митинг өткізуге «Бәйтерек– Болашақ» экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай рұқсат алған еді.
Митингте айтылатын мәселелердің арасында-жалақыға, жұмыссыздыққа, ІІМ реформаларына және т. б. мәселелер бар.