jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда балабақшалар қашан ашылады?

15 мамыр 2020, 16:22

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, 18 мамырдан бастап балабақшаларда ашылатын кезекші топта бала саны 15-тен асса, тағы кезекші топ қосылады. Ал мектепке дейінгі ұйымдарды штаттық режимде ашу 1 маусымға жоспарланған.Бұл туралы Tengrinews.kz  хабарлайды. 

Шолпан Қадырованың айтуынша, балабақшаға алдымен ата-аналарының екеуі де жұмыс істейтін балалар қабылданады. Содан кейін ғана басқа ата-аналардың қалауы бойынша балаларды қабылдайды. Сондай-ақ, ата-ана баласының балабақшаға баратыны туралы тәрбиешіге бір күн бұрын хабарлауы керек.

«18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі барлық білім беру мекемесі кезекші топ режимінде жұмысын бастауға дайын. Балабақшалар санитарлық-дезинфекциялық нормаларды қатаң сақтай отырып, баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, содан кейін ғана басқа ата-аналардың қалауы бойынша балаларды қабылдайды. Әрбір мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтарында бала саны 15-тен аспауы тиіс. Балабақшаға келмеген жағдайда баланың орны сақталады. Осы жерде дұрыс түсіндіріп кету керек. Бір топта бала саны 15-тен асатын болса, тағы басқа кезекші топтар ашылады. Бүгінде мектепке дейінгі ұйымдарға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында мониторинг жүргізіліп жатыр. Ол үшін ата-аналар өздерінің тәрбиешілеріне балабақшаға баратыны туралы ақпаратты бір күн бұрын хабарлау керек», — деді ол қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте.

Басқарма басшының айтуынша, учаскелік педиатрдың денсаулық жағдайы туралы анықтамасы бар бала ғана қабылданады. Балабақшаға келген кезде тәрбиеші мен медициналық қызметкер баланың дене қызуын өлшейді.

Сонымен қатар, ол қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысы толық 1 маусымнан бастап ашылуы жоспарланғанын атап өтті.

«1 маусымнан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын штаттық режимде бастау жоспарланған. Сондай-ақ арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық, педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырдан бастап жұмысын бастауға дайын. Ерекше білім беретін әр баламен жеке жұмыстар жүргізіледі», — деді Шолпан Қадырова.

Білім басқармасының басшысы ата-аналардың қандай да бір сұрағы болса, 55-68-63, 55-68-73 немесе 1445 телефон нөмірлеріне хабарласуына болатынын атап өтті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия