Елордада маршруттық автобус апатынан екі жолаушы зардап шекті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
«20 ақпан күні сағат 10:18-де Қабанбай батыр даңғылынан Рысқұлов көшесіне қарай бара жатқан №303 маршруттық автобус жүргізушісі ауа райы жағдайларын ескермей, аялдамада тұрған №10 автобусқа соқтығысты. Оқиға салдарынан екі жолаушы жарақат алды», — деп хабарлады Полиция депаратментінің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен жолаушылар ауруханаға жеткізілген және медициналық көмек көрсетілген соң, үйге қайтарылған.
«№303 автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 610-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр», — делінген ресми хабарламада.