
Нұр-Сұлтанда автобус пен тепловоз соғысып қалды. Оқиға 13 қыркүйекте болған. Бұл туралы куәгерлер видеоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған.
«Жетіген көшесімен Пушкин көшесіне бағыт алған № 53 автобус пен тепловоз сағысып қалды. Автобус жүргізушісіне полиция қызметкері тарапынан әкімшілік хаттама толтырылды», — деп түсіндірді Астана LRT қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы «Науат Азанбаева.
«Автобуста жолаушылар болмаған. Жүргізуші жұмыс бастау үшін автобус паркінен шығып соңғы аялдамаға бағыт алған», дейді ол.
tengrinews.kz