jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда ауқымды санитарлық тазалау жұмысы жүріп жатыр (Видео)

12 сәуiр 2022, 14:38

Елорданың коммуналдық қызметтері қалада санитарлық тазалық жұмысын жүргізіп жатыр. Асфальт, тротуарлар, жиектастар, көпір қоршаулары жуылады, ашық аумақтар қоқыстан тазартылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Қаланың барлық ауданында коммуналдық қызметкерлер тазалық жұмысын белсенді жүргізуде. Жолдар мен тротуарлар жуылуда, қоршаулар, жер асты өткелдері, жол белгілері өңделіп, қоқыс жәшіктері тазартылуда және т.б.

Ауқымды тазалау жұмысы қаланың орталық көшелерінде ғана емес, елді мекендерінде де жүргізілуде. Сарыарқа ауданы бойынша бұл жұмысқа 430-дан астам жол қызметкері мен 160 арнайы техника, Алматы ауданы бойынша 120 техника мен 360-тан астам жол маманы жұмылдырылды. Байқоңыр және Есіл ауданында тағы 250 адам мен 150 арнайы машина санитарлық тазалау жұмысымен айналысады.

Саябақтар, гүлзарлар, алаңдар қоқыстан тазартылып, еріген қар суын сору, қоршауларды жуу, бояу жұмысы және өзге де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Коммуналдық қызметтер екі ауысымда жұмыс істеуде. Сондықтан санитарлық тазалау жұмысы тәулік бойы жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында елордада «Бірге таза Қазақстан» экологиялық айлығы және қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша сенбіліктер өткізіледі.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық