jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда арнайы рұқсаты жоқ құрылыс компаниялары анықталды

20 мамыр 2021, 15:45

Үлескерлердің ақшасын қабылдауға тиісті рұқсаты жоқ құрылыс ұйымдары мен салынып жатқан нысандардың тізімі жасалды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Төменде көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде қолданыстағы заңнаманы «аттап өтіп» жасалған барлық мәмілелер (алдын ала брондау шарты, резервтеу шарты, инвестициялау шарты, талап ету құқығын басқаға беру шарты) жарамсыз болып саналады.

Қаражатыңызды сақтау үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі барынша сақ болуды және рұқсат құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй сатып алудан бас тартуға шақырады.

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасында үлескерлердің қаражатын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320-бабы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысқаны үшін жауапкершілік көзделген.

Егер төменде көрсетілген компаниялармен мәміле жасаған болсаңыз немесе туындаған проблемалар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы Достық көшесі, 13 мекенжайы бойынша «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ-ға жүгінуге болады. Байланыс нөмірлері: 8 (7172) – 55-04-28, 55-04-30, 8701 -300-50-39.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия