jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда апалы-сіңлілі ұрылар ұсталды (видео)

16 қыркүйек 2020, 17:22

Нұр-Сұлтанда дүкендерден жаппай ұрлық жасады деген күдікпен апалы-сіңлілі қыздар ұсталды. Бұл туралы елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

21 және 23 жастағы жас қыздар 2016 жылы полицияның назарына іліккен болатын. «Анжела-Ангел» деген атпен қылмыстық ортада танымал болған үлкені бұрын алаяқтық үшін сотталған және бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Полицияда бойжеткен «ұсақ ұрлық жасаған», «алаяқ», «ұялы телефон ұрлаушы», «ұры» және «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-ана» санаттары бойынша есепте тұр. 2018 жылдан бастап «ұры» және «алаяқ» санаты бойынша полиция есебінде тұрған сіңлісі осы жылдың қаңтар айында сотталды. Бірнеше рет ұрлық, ұсақ ұрлық және алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, қыздар түзету жолына түскісі келмейді және қылмыс жасауды жалғастыруда. Полицейлердің мәліметінше, апалы-сіңлілер қаланың қоғамдық орындарында бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінген. Қыздар жабық базарларда, сауда үйлерінде, сауда орталықтарында, сұлулық салондарында және т. б. жерлерде ұрлық жасаған.

Мысалы, бір апта бұрын қыздар тұрмыстық тауарлар дүкеніндегі тағы бір ұрлық кезінде ұсталды. Полиция ұрыларды дүкендегі бейнекамераларды қарау арқылы анықтаған. Камерадан сіңлісінің өнімді байқатпай ұрлап жатқанын көруге болады. Ал әпкесі бұл уақытта оның әрекетін жасырып көмектескен.

Анықталғандай, екі қыздың кенжесі жақында ғана сот залынан шыққан, бірақ соған қарамастан ол қайта қылмысқа барған. Қазіргі уақытта дүкендерден 5 ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған біреуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Ұрлық» қылмыстық бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

https://youtu.be/kNoVPlPtcYg

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия