jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда алаяқ 120-дан астам адамды алдап кетті

09 қыркүйек 2021, 15:52

Нұр-Сұлтандық полицейлер ер адамға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол Қазақстанның төрт қаласынан бірнеше фирма ашып, клиенттерге Еуропадан жалақысы жоғары жұмыс тауып бермін деп уәде берген, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұр-Cұлтан полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, елорда, Алматы, Тараз және Оралдан келген 123 жәбірленушінің ісі қаралуда. Олардың барлығы «Ортокласс» компаниясының клиенттері болған. Мекемеге еуропа елдерінде жоғары ақы төленетін жұмыс табуға көмектеді деген соң қомақты сома береді. Бірақ жәбірленушілер көптен күткен жұмысқа ақыры қолдары жетпеген. Бір күні компания директоры байланысты өшіріп, белгісіз бағытта жоғалып кеткен.

«2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығында еліміздің түрлі өңірлеріне әлеуметтік желілер арқылы Норвегия корольдігіне үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге туристік виза беріліп, сағатына 10 еуродан 20 еуроға дейінгі жалақымен жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы жалған ақпарат таратылғаны анықталды»,-деп хабарлады Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Алаяқтық фактісі анықталғаннан кейін полиция қылмыстық іс қозғап, компания директорына халықаралық іздеу жариялады. Оны тек 2020 жылдың шілдесінде ғана Санкт-Петербург қаласынан ұстауға мүмкіндік болды. Күдікті ол жақтан Қазақстанға экстрадицияланды.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында жиналған айғақтармен күдіктінің кінәсі дәлелденді. Қабылданған шешім заңдылығын тексеру үшін іс Нұр-Сұлтан қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасына жіберілді», — деді астаналық полицияда.

Прокуратурада қылмыстық істі зерттеп, айыптау актісін бекітіп, Есіл ауданының №2 сотына жіберді.

Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденсе, он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мүлкі тәркіленеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде