jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда әйелін ұрған ер адам қамауға алынды

10 тамыз 2021, 15:05

Нұр-Сұлтанда азаматтық некедегі әйелін ұрғаны үшін ер адам бес тәулікке қамауға алынды.

Күндізгі уақытта ” 102″ арнасына үй тұрғындарынан көрші пәтердегі әйелді ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту бойынша келген полицейлер ер адамның мас күйінде өз пәтерінде жанжал шығарып, бірге тұратын әйелін ұрғанын анықтады. Учаскелік полиция инспекторы Нұрмұхамбет Тәжібай тәртіп бұзушыны ұстау туралы шешім қабылдап, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, іс құжаттары Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Соттың қаулысы бойынша 29 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Сонымен қатар құқықбұзушының мінез-құлқына бір жыл мерзімге ерекше талап қойылды.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия