jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда 5G желісі іске қосылды

24 қазан 2019, 11:58

5G желісі елордадағы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің аумағында Altel желісінде қолжетімді болмақ. Бұл коммерциялық желіні бүгін «Қазақтелеком» іске қосты.

«Бүгін іске қосылып отырған желі Қазақстандағы алғашқы 5G коммерциялық аймағы болып табылады. Ол Astana Hub аумағында тұрақты негізде жұмыс істейді. Осы желіні іске қосу орнын кездейсоқ таңдаған жоқпыз. Дәл осы жерде әзірлеушілер 5G базасында жаңа цифрлық өнімдерді және жобаларды тестілеуден өткізіп, іске асырады. Мұндай аймақтар түрлі кейстер үшін басқа өңірлерде де ашылмақ. Осы жылы Шымкентте коммерциялық технологияны іске қосуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады «Қазақтелеком» АҚ инновациялар жөніндегі бас директоры Нұрлан Мейірманов. 5G технологиясы жоғары жылдамдықпен деректер берумен, ауқымды сыйымдылығымен және түрлі қызметерге арналған IoT құрылғыларын жаппай қосу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

24.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда