
Елордада 47 ойын автоматының иесі сотталды. Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталған.
«Күдікті аса ірі мөлшерде пайда табу мақсатында адамдармен бірлесіп, Нұр-Сұлтанда 47 дана ойын терминалын орнатып, заңсыз ойын бизнесін жүргізген. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен елордалық 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды», — делінген хабарламада.