jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда 4 жасар бала бесінші қабаттан көліктің үстіне құлап түсті

26 шiлде 2021, 15:29

Нұр-Сұлтанда соңғы күндері үш бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады, деп хабарлайды Stan.kz.

Бірінші оқиға 25 шілде сағат 17:39-да Күмісбеков көшесіндегі үйде болды. Төрт жасар бала орындық арқылы терезеге мініп, 5-ші қабаттан автокөлік үстіне құлаған. Бүлдіршін түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның ақпаратынша, бала күтуші бұл уақытта үйде ұйықтап жатқан. Ал анасы Бурабайға демалуға кеткен.

Дәл сол күні кешкі 19.30-да алты жасар қыз екінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлады. Баланың әкесі бұл кезде далада жүрген. Оқиға Қосшығұлұлы көшесінің бойындағы үйде болды.

26 шілде аудандық полиция бөліміне ауруханадан 5 жасар бала түсті деген хабар келді.

«Тексеріс барысында түнгі бір шамасында кішкентай қыздың Кубрин көшесіндегі үйде үшінші қабаттың терезесінен құлап түскені анықталды. Ол түрлі жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ата-анасы бұл уақытта үйде болған, бала өз бөлмесіндегі ашық тұрған терезеден құлап кеткен», – делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратынша, жыл басынан бері қалада 18 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады, біреуі көз жұмды.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия