jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтанда 2 тоннадан астам зақымданған анар жемісі өртелді

07 желтоқсан 2019, 16:02

Ауыл шаруашылығы министрлігінің инспекторлары өртеу әдісімен зақымданған анар жемістерін жойды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы карантиндік фитосанитарлық бақылау барысында Түркия елінен келген анар жемісінен қауіпті карантиндік зиянкестер – комсток сымырын жұқтырған 2 318 келі анарды анықтады» делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, аталған өнім тәркіленіп, экополигон аумағында өртелген.

«Сонымен қатар, осы факті бойынша инспекторлар тарапынан әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 мың теңге көлемінде айыппұл салынды» — деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Жалпы, комсток сымыры негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, цитрус, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқа да бақша көкөністері мен жеміс-жидектерді және жабайы өсімдіктерді зақымдайды. Қауіпті зиянкестер жаппай таралған кезде өсімдіктер қурап қалады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда