jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан жаппай төбелес болды (видео)

27 қантар 2021, 17:15

Нұр-Сұлтанда ғашықтар кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды. Кәуәпханада тамақтанған жұп есеп айырысудан бас тартқан. Қайтуға қамданған жұптты кәуапхана әкімшісі тоқтатып төлем жсауды сұрайды. Ақша төлегісі келмеген ер адам жанжал шығарып, соңы жаппай төбелеске айналған. Елорда полициясы бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Instagram-дағы Qumash_kz парақшасы жариялаған видеодан қызметкерге көмектесу үшін тіпті аспаздың өзі жүгіріп келгені көрінеді.

Оқырмандар жұпқа Бонни Барбекю және Клайд Кебаб деп ат қойып үлгерді.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Qumash / Новости Казахстана (@qumash_kz)

Кадрлардан қыздың сөмкесінен тапаншаға ұқсас затты алып шығып, қызметкерді қорқыта бастағанын көруге болады. Жігіт сүйіктісінің артына жасырынып, кейін екеуі де қашып кеткен.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіндегілер бұл жағдайға байланысты кафенің бас аспазынан шағым түскенін хабарлады. Ол клиенттің тапанша тәрізді затпен қорқытқанын және оған түрлі дене жарақатын келтіргенін айтқан. Полиция мәліметіне сүйенсек, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, қамауға алынды.

«Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген қару баланың ойын тапаншасы болып шықты. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүріп жатыр», — делінген ведомство хабарламасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде