jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан тұрғыны полиция қызметкерлерін қарумен қорқытты

21 қазан 2021, 15:45

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін ұрып-соғып, құтқаруға келген полицияны қару-жарақпен қорқытқан, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 21 қазанда болған. Таңғы 6-да тәртіп сақшыларына кішкентай баладан әкесі шешесін ұрып жатқаны туралы хабарлама келген. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілді.

«Айтматов көшесіндегі үйдің ауласында 45 жастағы әйел күйеуінің жанжал кезінде ұрып-соғып, қуып жібергенін айтқан. Полиция қызметкерлері үшінші қабатқа көтеріліп ер адамның есігін қақты, бірақ ол жауап ретінде біреу жақындаса оқ ататынын айтты», — делінген хабарламада.

Пәтерде кәмелетке толмаған үш бала болған.

Полиция 39 жастағы ер адамды ұстады. Одан ресми тіркелген қару тәркіленді.

«Ер адам полицияға жеткізілді, оның әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлады департаменттен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде