jasqazaq.kz

«Нұр-Сұлтан – Теміртау» жолын су басты

10 сәуiр 2021, 15:42

Қарағанды облысының Нұра ауданында еріген қар суының молдығынан «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» автожолының 104-ші және 122-ші шақырым аралығын су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұра және Осакаров аудандары аумағындағы су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. 122-ші шақырымда қысқа мерзімге жалғасқан су басу жағдайы тоқтатылды. 104-ші шақырымда көлік қозғалысы шектелді. Сигналдық белгілер қойылды. Су басуды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ал «Қайнар – Амантау» аудандық маңызы бар автожолдың 7-ші шақырымында су жолды шайып кеткен. Жергілікті атқарушы органдар кезекшілік ұйымдастырды. «Нұра ауданында арнасынан асқан Қон өзенінің аумағында Нығман және ішінара Ақтүбек елді мекендері қалып отыр. Қорғаныс шаралары алдын ала жүргізілді. Елді мекендерге қауіп жоқ. Ал Нұра ауданының Баршын және Кенжарық ауылдық округтері аумағында мұз кептелісін болдырмау мақсатында Құланөтпес және Жаман-Қон өзендерінің үш учаскесінде мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны жағдайы облыстық су тасқынына қарсы жедел штабтың бақылауында», — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде