jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан мен Алматыда митинг өтті

09 қараша 2019, 16:25

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілген митинг өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі митингті өткізу әкімдікпен келісілген және рұқсат берілген. Жиын Жерұйық паркінде өтті.

Митингте ондаған қатысушылар барлық азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандығын сақтау, парламенттік республикаға ауысу, шынайы жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін көтерді. Одан бөлек, акция қатысушылары сайлау жүйесін реформалау мен заң үстемдігін, сот билігінің тәуелсіздігін талап етіп, пікірлерін білдірді.

Алматыда бүгін Сарыарқа кинотеатрының артындағы алаңда рұқсат етілген митинг өтті.

Онда да бірнеше адам «Кәсіподақтан қолыңды тарт!», «Дағдарысқа төлеме, кәсіподаққа қосыл!», «Кәсіподақтар тәуелсіз болсын», «Ереуіл жасау құқығы ҚР Конституциясының 24-бабымен қорғалған» деп жазылған плакаттармен шықты.

«Біздің мақсатымыз — Қазақстандағы еңбек құқықтарының бұзылып жатқанына назар аударту. Оған еліміз жеткілікті көңіл бөліп отырған жоқ. Бизнес субъектілері мен кәсіподақтар еңбек құқығын өрескел бұзып жүр, кәсіподақтар ішінде күрес жүріп жатыр. Сондықтан, біз жоғары ұмтылғанымызбен, Қазақстан халықаралық рейтингте төмендеп келеді. Еңбек құқығы ешкімге қажет болмайтындай кезеңге түсуіміз мүмкін. Бұл жақсы емес», — деді «Азаматтық қорғаныс» ҚҚ төрағасының орынбасары Дмитрий Литвин.

Оның айтуынша, жұмыскерлер өз құқықтарын талап етіп, кәсіподақта бірігуі тиіс.

Жиын барысында өзге де қатысушылар өз пікірін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы мәслихаты азаматтардың бейбіт жиыны үшін екі орын белгілеген болатын.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда