jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан маңында жол апаты болып, полицей қаза болды

08 шiлде 2021, 15:07

Нұр-Сұлтан маңында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты. Ақпаратты елордалық полиция департаменті растады.

Оқиға 5 шілдеде түнгі сағат 12.24-те Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кенті маңында болған.

«30 жастағы жүргізуші рульді басқара алмай, Lexus GS 300 автокөлігімен аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көліктегі 35 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Ол полиция қызметкері болған. Дерек Ақмола облысының полиция департаментінде тіркелген, тергеу жүргізіліп жатыр», — деді құқық қорғау органдарының өкілі.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, марқұм Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы. Сондай-ақ, көлік тізгінінде де полицей болған.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия