jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан қаласында жолдағы шұңқырға көлік түсіп кетті

19 сәуiр 2021, 10:10

Елордада жол үстінде пайда болған үлкен шұңқырға көлік түсіп кетті. Қала басшылығы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап. «Ш.Уалиханов пен Ғ.Қараш көшелерінің қиылысындағы жол жабындысындағы ойық мердігер ұйым диаметрі 300 мм СДР 17 трубасын сүңгіту тәсілімен тарту кезінде технологиялық процестерді сақтамауы салдарынан пайда болған. Соның кесірінен жауын суын ағызатын конолизацияның коллекторын (канализациядағы сұйық зат пен газды шығарып тұратын кең труба) су шайып кетіп, жол үстінде шұңқыр пайда болған. Бұл келеңсіздікке себпекер болған мердігер ұйым жауапқа тартылады» делінген хабарламада. Қазіргі кезде тәртіп сақшылары шұңқыр пайда болған алаңды қоршады. Ойықты бітеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 19 сәуір күні «Elorda Eco System» шаруашылық жүргізу құқығы бар мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ПД Жол полициясы басқармасы бірлесе жол жабындысын қалпына келтіру жұмысын жүргізеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық