
Елордада Мәңгілік ел көшесінде автожол үстіндегі асфальт опырылып, ойық пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Видео Instagram-пабликтердің бірінде жарияланды. Оқиғаға қатысты «Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ресми мәлімет берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Астана су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «Мәңгілік ел көшесі, 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуынан құбыр құдығының жабын плитасы ішінара опырылып құлағанын хабарлайды. 2 мамыр күні авариялық бригада құдық жабынының қалған бөлігін бөлшектеп, шойын қақпақ орнатып, бетондады. Аталған орынға жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — делінген компанияның баспасөз қызметі ұсынған жауапта.