jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өтті

10 желтоқсан 2020, 10:23

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 10 желтоқсан күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалайтын матрицасын жариялады.

Орталықтың бағалауынша «қызыл» аймақтан Солтүстік Қазақстан шыққанымен, Нұр-Сұлтан қаласы кірген. Елордамен қатар Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Ал сары аймақта Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлердің бәрі де жасыл аймақта.

Еске сала кетсек, кеше ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жету ықтималдығына қатысты жаңа болжамды жария еткен болатын.

«Бұрын Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2020 жылдың желтоқсаны мен 2021 жылдың қаңтарына сай келетінін болжаған еді. Алайда қазір оптимистік жағдай қалыптасты. Осыған байланысты апта сайын өзіміздің болжамды мәліметтерімізді зерттеп отырмыз. Қазіргі жағдайда пессимистік болжамға сүйенсек, коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі 2021 жылдың қаңтары мен ақпанына дөп келеді деп болжауға болады», — деді бас санитар дәрігер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде