Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметі 3 желтоқсан күні тіркелген оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайында жоспарлы оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері қаруды дұрыс пайдаланбай, абайсызда оқ атып алды. Оқиға салдарынан аталмыш қызметтің үш адамы жарақат алды. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Екеуі орта дәрежеде жарақат алған. Қазір олар Нұр-Сұлтан қаласындағы медициналық ұйымда ем алып жатыр», — деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс көліктегі полиция органының бақылауында.