jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан әуежайында ер адам қайтыс болды

23 наурыз 2020, 13:30

Нұр-Сұлтанның халықаралық әуежайында ер адам көз жұмды. Марқұм Мәскеу арқылы Вьетнамнан ұшып келген туристердің арасында болған.

«Ер адам өзін жайсыз сезініп, бір уақытта эпилепсия кезіндегідей селкілдей бастады. Оған жұрт көмек көрсетпекші болды, бірақ ол көз жұмды», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне рейс жолаушыларының бірі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты растады.

«Бүгін жедел жәрдем қызметіне сағат 18:58-де хабарлама түсті, сағат 19:06-де бригада әуежайда болды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем жеткенше Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болды. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жөнелтілді», — деді басқармадағылар Sputnik-ке.
Жолаушылардың айтуынша, ер адамның бойында коронавирус белгілері болмаған.
Scat әуе компаниясының хабарлауынша, паспорт тексеретін жерде ер адамның жүрегі ұстап қалған.
«Ұшақ ішінде оның жағдайы жақсы болды, ол ешбір мәселемен бортсеріктерге жүгінген жоқ. Жанында адамдар болған», — деді компанияның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ұшып келгендердің барлығы елордадағы қонақ үйлердің бірінде жабдықталған стационарға карантинге жатқызылды. Олардан коронавируске анализ алынады.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия