jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан әуежайы төрағасының орынбасары жұмыстан қуылды

24 желтоқсан 2019, 12:12

Биылғы сәуірден бастап антикоррупция қызметі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында көп жылдан бері болған ақша жымқыру ісін тергеп жатыр. Тергеу материалдары сотқа әлі түспеген, алайда әуежай басқарма басшысының орынбасарымен еңбек шарты үзілген.

Бұл туралы «Время» газеті жазады. Іс бойынша басты күдікті — «Астана Халықаралық әуежайы» АҚ бұрынғы бас есепшісі Әлия Бабашева. Есепшінің және басқа фигуранттардың кінәсі әлі дәлелденбеген. Алайда әуежайдағылар соттың шешімін күтпестен осындай тұжырым жасап отыр. Антикоррупция қызметі әуежай басшылығына қатысты шара қолдануды талап еткен соң басқарма төрағасының орынбасары Жақсылық Мыңжасов қызметінен айырылған. Онымен келісімшарт үзіліп, өтемақы төленген. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер көз алдындағы жымқыру ісіне жол бергені үшін кәсіпорын жетекшілерін тәртіптік жазаға тартуды талап еткен. Бізге мәлімет бергендер Мыңжасовқа жұмыстан шығару кезінде бірнеше миллион теңге өтемақы төленгенін айтты, ал оның бастығы Рәділбек Әдімолда тіпті жеңіл жазаланған», — деп жазады басылым. Вице-министр Берік Қамалиев Жақсылық Мыңжасовпен келісімшарт директорлар кеңесінің шешімі бойынша үзілгенін растапты. Министрлік өкілдері басқарма төрағасының орынбасарына келісімшартта қаралған өтемақы төленгенін, алайда оның сомасы құпия қалатынын айтты. Сондай-ақ, ведомстводағылар әуежайдың бірінші басшысы Әдімолдаға қатаң сөгіс жарияланғанын хабарлады. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, кәсіорыннан 2016 жылдан бастап ақша жымқырылған. Жақсылық Мыңжасов жұмысқа 2018 жылдың сәуірінде келген және бухгалтерияның екі жыл бұрынғы қызметіне жауап бере алмаған. «Алайда дәл осы Мыңжасовпен келісімшарт үзілген, өтемақысы да жаман емес екені анық, ал бастығы орнында қалған», — деп жазады басылым. Журналистер сот шешімі шықпай жатыр кадрлық мәселелердің қазірден бастап шешіліп жатқанына да таңданысын жасырмаған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда