jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан әуежайы абыр-сабыр болды

13 мамыр 2021, 10:52

Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз қызметі Ashyq жобасының алғашқы күнін қорытындылады.

Ashyq жобасының алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері төрт «сары», екі «қызыл» белгісі бар жолаушыларды анықтады. Алгоритм бойынша, «қызыл» белгісін көрсеткен жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, одан кейін олар ауруханаға жатқызылды, — дейді әуежайдағылар.
12 мамырдан бастап Ashyq жобасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында толығымен іске қосылып, жұмыс істеп жатыр.

Барлық жолаушыларға (ұшып бара жатқан) әуежайға келер алдында ұялы телефонына қосымшаны жүктеп алып, ондағы мәртебесін алдын-ала тексеру қажет екенін ескертеміз. «Сары» және «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді. Ұшаққа жіберілмеген жағдайда билет ақшасын қайтару туралы сұрақтар әуе компаниясына жолдануы керек, — дейді әуежай қызметі.

zakon.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия