jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент маңындағы ауыл азаматтарына 85 мың теңгеден беріледі

31 наурыз 2020, 21:35

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының маңында (ауылдарда) еңбекке жарамды азаматтар 2 минималды айлық көлемінде ақша берілетінін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта карантинге байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының маңында еңбекке жарамды азаматтардың көптігі байқалады. Ең алдымен жастар көп. Сондықтан Үкімет пен әкімдер дәл осы аймақтарда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде нақты жобаларды бастауы керек. Азаматтарда ақша табу мүмкіндігі болуы тиіс. Олар жабылып қалған шлагбаумда отырмауы тиіс», — деді Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде. Президент еңбекке жарамды азаматтарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жұмысқа келгеннен-ақ 2 минималды айлық көлемінде көтерме ақы берілетінін (85 мың теңге) жеткізді. «Бұл айлыққа қосымша ақы ретінде беріледі», — деді ол.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі