jasqazaq.kz

Нұр-Сұлтан әкімі қордаланған мәселені шешуге кірісті

19 маусым 2019, 10:14


Көлгінов әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйді аралап тұратынын айтты.

sputniknews.kz   жазғандай, Нұр-Сұлтан қаласында үлескерлердің қаржысы салынған 51 проблемалы объект қалды. Олардың құрылысы бюджет есебінен аяқталады. Бұл туралы елорданың жаңа әкімі Алтай Көлгінов қаладағы проблемалы тұрғын үй кешендерін аралау кезінде мәлімдеді.
Көлгінов «Гарант» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездесті. «Азбука жилья» үйдің құрылысын 2011 жылы бастаған. Қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында бұл объектінің құрылысы жалғасын тауып отыр, 2020 жылдың сәуірінде тапсыру жоспарланған.
Әкім «Шұбар» тұрғын алабындағы «Комфорт de Luxe» ТК үлескерлерімен де жүздесті. Мұнда 227 адам 2012 жылдан бері баспаналарын күтіп жүр екен. Бұл нысанды осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
«Әр апта сайын бір-екі проблемалы көппәтерлі тұрғын үйді аралап тұрамын. Жоспарлы кесте түзілді. Құрылыстың аяқталу процесін және созылып кеткен үлескерлер мәселесінің түбегейлі шешімін табуды бақылауда ұстаймын», — деп атап өтті Көлгінов.
Қалада үлескерлердің қаржысы салынған құрылысы аяқталмаған 51 проблемалы нысан қалған. Олардың құрылысы бюджет есебінен (қайтарымды қаражат) аяқталады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде