jasqazaq.kz

Нұр-Cұлтанда жатақхана өртенді

02 мамыр 2019, 14:34


Елорданың «Байқоңыр» ауданында орналасқан жатақхана отқа оранды. Қала басшысы Бақыт Сұлтанов оқиға орнына бар.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, өрт 5 қабатты жатақхананың екінші қабатында орналасқан ауданы 18 шаршы метр бөлмеден шыққан. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына сағат 10. 39 шығып, өрт сағат 11.15 толығымен ауыздықталған.

32 адам құтқарылды, қаза тапқандар жоқ.

Оқиға орнына қала басшысы Бақыт Сұлтанов барды. Ол тұрғындармен кездесіп, мімкіндігінше тұрғындарға көмектесу туралы жауапты органдарға тапсырма берді. Сонымен қатар, ол тексеру үшін комиссия жіберетінін айтты.

Өрттің орын алуына байланысты құтқару жұмыстарына 14 жедел жәрдем және ТЖД-ның 2 бригадасы тартылды.

Зардап шеккен адамдардың саны 26 құрады, оның ішінде 14-і бала. 2-уі №1 қалалық балалар ауруханасына, 12-сі №2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Ал, 12 ересек азаматтың 8-і №1 қалалық ауруханаға жатқызылды, тағы төрт адам ауруханаға жатудан бас тартты.

Атап өтсек, зардап шеккендерге иіс тиген. Олардың қазіргі жағдайы орташа деп бағалануда.

Дереккөзі: baq.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық