jasqazaq.kz

«Нұр Әлем» шәкірттерді шақырады

27 сәуiр 2018, 10:20

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы білім-ғылымға тікелей қатысты туризмнің дамуына үлес қосуда. Олар болашақтың энергиясы, физика, математика, жаратылыстану ғылымдары саласын қамтиды. Бұл туралы jasqazaq.kz Baq.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясы мен Астана қалалық білім бөлімі оқушыларға «Нұр Әлем» сферасына ашық сабақ ұйымдастыруда.

«Балалар туризмі дамуда. 2017 жылдың желтоқсан айынан бері ЭКСПО көрмесін 3-11 сыныпта оқитын 17 мыңға жуық оқушы мен 4 мыңдай студент тамашалады», — дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қызметкері Ернұр Кенжебеков.

Оның айтуынша, ашық сабақтар Астана қаласымен қатар, өзге аймақтардың мектеп оқушыларына және студент жастарына өткізіледі.

«Нұр Әлем» алаңында балаларға арналған «Kids Future Energy» және студенттерге арналған «Students Future Energy» атты жоба аясында физика, биология, география, тарих, туризм және басқа пәндерден қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ашық сабақтар өтуде.

25 сәуір күні «Нұр Әлемде» №78 мектеп-гимназияның 4-сынып оқушыларына арналған ашық сабақ өтті. Дәл осы күні Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің туризм мамандығында оқитын студенттер үшін дәріс өткізілді.

«Дәрісті аудиторияда өткізгенше, осындай көрме кешенінде өткізсек жақсы нәтижеге қол жеткіземіз. Студенттердің мамандығына деген қызығушылығы артып, стимулы оянады», — дейді туризм кафедрасының оқытушысы Әлия Тұрсынқызы.

26 сәуірден бастап Ақмола облысынан 30 мұғалім ЭКСПО көрмесі кешеніне ақпараттық турға келіп, мамыр айында көрме мұрасымен танысуға және ашық сабақ өткізуге шәкірттерін алып келеді.

Айта кетейік, қазақстандық туроператорлардың қызығушылығын оятып, ЭКСПО-2017 брендке, ал «Нұр Әлем» сферасы – болашақтың энергиясы нышанына айналды. Наурыз айында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы, Ақмола облысы әкімшілігі және «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, ұлттық компания «Visit Astana» ЖШС келісімі бойынша ЭКСПО қалашығы айналасында екі қабатты «Red Bus» экскурсиялық автобустарын жөнелтуді жоспарлап отыр. Оған қоса, 20 шақты туроператормен ЭКСПО көрмесі билеттерінің сатылымы бойынша келіссөз жүргізілген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық