jasqazaq.kz

«Нұр Әлем» сферасындағы жаңажылдық демалыс

29 желтоқсан 2018, 17:06

Жаңа жыл мерекесінің құрметіне орай, 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында «Нұр Әлем» сферасы өз келушілерін сағат 10:00-21:00 аралығында күтеді. Бұл мереке күндері елорда тұрғындары мен қонақтары билеттерді 50% жеңілдікпен сатып ала алады.

Келушілер қызықты интерактивті қондырғыларды, болашақтың технологияларын, ғарыштық өнертабыстарды және т.б. көре алады.
Сонымен қатар, «Нұр Әлем» қонақтарды жаңа экспонаттармен қуантады.

Жиырмадан астам экспозиция баламалы энергия көздері саласындағы заманауи жасыл технологиялар мен инновациялық әзірлемелердің үлгілері саналатын «Үздік тәжірибе аймағы» және Тақырыптық павильондардан көшірілген. Олардың арасында: «Әлем және энергия» кинетикалық мүсіні – біріктірілген әсерлері бар таңғаларлық жарқын шоу, «Ақылды қала» жарық LED көрінісі, Solar Impulse моделі – күн энергиясы қуатымен ұшатын ұшақ.

ҰОС қатысушыларына, барлық топтағы мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы аналарға және 6 жасқа дейінгі балаларға Сфераға кіру тегін.
Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО көрме кешенінің аумағында мұз айдыны ашылды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін конькилерді жалға беру, автокөлік иелері үшін жер асты паркингі және сақтау камералары қарастырылған. Мұз айдынының жұмыс уақыты – сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде