jasqazaq.kz

«Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды

01 наурыз 2022, 11:30

Мәжіліс төрағасы, палатадағы Nur Otan фракциясының жетекшісі Ерлан Қошанов «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынды. Бұл туралы партаяның кезектен тыс съезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз ел бірлігін, халық тұтастығын, ұлттар татулығын, еңбекқорлықты, біліктілікті болашақ замандарға жаңғыртып жеткізуге міндеттіміз. Бұл істе тыңнан түлеген, сындарға шыңдалған партияға жүктелер жауапкершілік салмағы орасан. Біз қашан да бабалар аманатына адал болуымыз керек. Бұл — біздің перзенттік парызымыз. Сондықтын еліміздегі ең басты саяси ұйымның «Аманат» деп аталуы орынды деп ойлаймыз. Осыған орай бүгінгі съезде Мәжіліс фракциялары депутаттары партия атауын «Аманат» деп өзгертуді ұсынып отыр»,- деді Ерлан Қошанов.

Осы орайда Мәжіліс төрағасы съезд делегаттарына қарауға ұсынды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде