jasqazaq.kz

Нотариустың кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды

06 маусым 2020, 13:02

Петропавлда нотариустың кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті Қарағандыда ұсталды.

2 маусым күні Петропавл қ. Полиция бөліміне Жамбыл көшесі бойындағы жеке нотариустың кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалды деген хабарлама келіп түсті. Бетперде киген ер адам пышақпен қорқытып әйелдің алтын бұйымдары мен ақшасын иеленіп, белгісіз бағытта жасырынған.

СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаровтың хабарлауынша, қарақшылық фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 1-бөлігі (қарақшылық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Аталған қылмысты ашу үшін қалалық Полиция бөлімінің жеке құрамы түгел бағдарланды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қылмыс жасалған аудандағы бейнебақылау камераларының жазбалары зерделеніп, пәтер бюролары, жалға тапсырылған пәтерлер мен саяжай массивтері тексерілді. Жедел уәкілдерде бірден қылмысты “гастролерлердің” бірі жасады деген болжам болды.

Қорытындысында сол күні-ақ қарақшының жеке басы анықталды: мүліктік қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған Көкшетау қаласының 1996 жылғы тумасы. Күдіктіге бағдар еліміздің басқа аумақтарына әріптестерге жолданды.

Петропавлдағы нотариустың кеңсесіне шабуыл жасаған іздеудегі күдікті Қарағанды аумағында да қарақшылық жасап, ұсталғандығы жөнінде Қарағанды қаласынан ақпарат келіп түсті. Қазіргі уақытта Қарағанды қ. Полиция басқармасына беру үшін қылмыстық істің материалдары дайындалып жатыр.

Polisia.kz.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия