
Дубайда бірнеше күннен бері жаңбыр жаууда. Жауынның қаты болғаны соншалық өңірлерде су тасқыны басталған. Төтенше жағдайдан кейін әуежайда да бірнеше рейстер тоқтатылған.
Әмірліктерде қуатты циклон жиналып, оның арты нөсерге ұласқан. Жиналып қалған сулар қаланың барлық көшелерін басып қалған. Тасқын саалдарынан шаһар көшелерінде көлік кептелісі орын алған.
Нөсер жауын әуежай жұмысына да кедергі келтіруде. Ұшу-қону жолағындағы судың жоғары деңгейі қозғалуға мүлдем жол бермейді. Осыдан кейін келетін де, ұшатын да бірнеше рейстер тоқтатылып, кейінге ауыстырылған.
Дубай әуежайы Twitter парақшасында нөсер жаңбырдың салдарынан алдағы 24 сағат ішінде қызметтер тоқтатылатындығын мәлімдеген.
Желіде Дәбай әуежайы мен қала көшелерінен түсірілген суреттер мен видеолар пайда бола бастады. Кейбір кадрларда адамдардың қала көшелерінде қайықпен жүргені көрінеді.
13 қаңтар күні таңертең Дубай халықаралық әуежайы әуежайы су тасқынына байланысты кейбір рейстердің тоқтатылып, кейінге қалдырылғандығы туралы ескерту жасады.