jasqazaq.kz

Нөсер суы шымкенттіктерді түнімен әбігерге салды

10 наурыз 2022, 11:27

Қатты нөсерден Шымкент көшелерін су басты.

Шымкентте қатты жауын-шашын салдарынан қала көшелерін су басып, жүргіншілерге көп кедергісін келтірді. Жерасты жолдары мен аулалар, көлік жолдары суға толды. Қала аумағындағы жаңбыр суын сору жұмыстарын үйлестіру бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды.

«Жалпы су сору жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 113 қызметкер және 39 техника, 38 мотопомпа, 1 жылжымалы, 255 қапталған құм, жергілікті әкімшіліктен 14 водовоз, 2 мотопомпа жұмылдырылды. Жалпы 6834 текше метр су сорылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, жеке тұрғын үйлерді су басуы орын алмады» — делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізу үшін 44 мекенжайға күштер мен құралдар жіберілген. Қызметкерлер түнгі сағат 4-ке дейін жұмыс істеп, көшелерді судан тазартты. Жеке сектордағы үйлерді су алмауы үшін, қапқа салынған құмдар арқылы бөгеттер жасалды.

«Қазір қалада жағдай тұрақты. Жерасты жолдарының барлығы судан тазартылды. Түнімен жеке құрам кезекшілікпен жұмыс істеді. Бүгінде дауылды ескерту және нөсер жауу туралы ескерту берілген. ТЖД қызметкерлері кезекшілікті жалғастыруда», — деді Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобынан.

 

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр